2021 жылдың 6 желтоқсанында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында «Адалдықты мұрат еткен ұлы Абай ілімі»

2021 жылдың 6 желтоқсанында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында «Адалдықты мұрат еткен ұлы Абай ілімі»

2021 жылдың 6 желтоқсанында ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында «Адалдықты мұрат еткен ұлы Абай ілімі» тақырыбында семинар өткізілді, семинардың мақсаты - Абай Құнанбаевтың тұлғасымен, оның шығармаларымен танысу және еңбектерінде жазған мәселелерін зерделеу.

Дәрісті филология ғылымдарының докторы, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Айжан Маратбекқызы Картаева оқыды. Дәріскер өз баяндамасында Ұлы жазушының өмірі туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Семинар соңында мемлекеттік еңбек инспекторлары Абай қазақ мәдениеті тарихындағы ең ірі тұлға болып табылатынын атап өтті, өзінен кейін қалдырған мұрасы, өзінің түп тамырын, шығу тегін ұмытпау керек, осындай ұлы адамдарды мақтан тұту керек екендігі туралы айтты.