2021 жылғы 04 қарашаcында ZOOM онлайн режимінде

2021 жылғы 04 қарашаcында ZOOM онлайн режимінде

2021 жылғы 04 қарашаcында ZOOM онлайн режимінде, Бородулиха ауданында Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық комиссияның отырысы өтті.
Комиссия отырысында «Электрондық еңбек биржасы» порталында электронды еңбек келісім шартын тіркеуге қатысты, аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ кеңесінің атқарған жұмыстары туралы, кәсіпорындарда қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың алдын алу, еңбек дауларын шешу сұрақтары қаралды. .
Бородулиха ауданында барлығы 391 кәсіпорын тіркелген, 2021 жылдың 1 қаңтарына электронды еңбек шартын толтырған кәсіпорындар саны 230 немесе 59% құрайды.
2021 жылдың 01 қаңтарына білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Бородулиха аудандық комитеті 38 білім беру ұйымынан тұрады, олардың саны 1412 адамды (83,4%) құрайды. Барлық ұйымдар 2021-23 жылдарға арналған ұжымдық шарттарды қабылдады, олар әзірленді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес келеді.
2021 жылдың өткен кезеңінде Бородулиха ауданы бойынша өндірістік жарақаттанудың 10 жағдайы тіркелді, оның ішінде 2 жағдай ауыр нәтижемен, 1 жағдай өліммен аяқталды.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жеке еңбек дауларын шешуді бітімгершілік комиссиялары, одан кейін соттар жүзеге асырады.
Баяндамаларды тыңдап және талқылағаннан кейін комиссия: ЕШЕБЖ-ға еңбек шарттарын енгізу бойынша жұмыс жүргізілмейтін кәсіпорындарды талдау және анықтау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу,әкімдіктерге электрондық еңбек биржасы порталында еңбек шарттарын тіркеу қажеттілігі туралы кәсіпорындарға мекенжай хаттарын жіберу туралы тапсырма берді.