Азаматтық қызметшілерге еңбек демалысы қалай төленеді?

Азаматтық қызметшілерге еңбек демалысы қалай төленеді?

ҚР Еңбек кодексінің 139 бабының 10 тармағына сәйкес мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге лауазымдық айлықақы мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік отыз күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы беріледі.

Азаматтық қызметшілерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде сауықтыруға арналған жәрдемақы күнтізбелік жылда бір рет төленеді.

ҚР Еңбек кодексінің түсіндірмесіне сәйкес, еңбек демалысы бөліктермен берілген жағдайда, сауықтыруға арналған жәрдемақы демалыстың бірінші бөлігімен төленеді. Ағымдағы жылы еңбек демалысы берілмеген жағдайда сауықтыруға арналған жәрдемақы келесі жылға ауыстырылмайды.