Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы

Қазақстан Республикасы 2020 жылы  07 желтоқсанда ратификациялаған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің еңбекшілерін зейнетақымен қамсыздандыру туралы 2019 жылдың 20 желтоқасанындағы келісім (бұдан әрі – Келісім) 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.

ЕАЭО–ға мүше мемлекеттер: Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерацисы.

Келісімнің негізгі мақсаты – жұмысқа орналастырушы мемлекет азаматтары сияқты дәл сондай шарттарда және дәл сондай тәртіппен еңбекшілердің (ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер азаматтарының) зейнетақы құқықтары қалыптастыру. Бұл ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет ЕАЭО-ға мүше басқа мемлекеттердің азаматтарына зейнетақымен қамсыздандыруға арналған құқықтардың көлеміне өз азаматтарына берілетін құқықтар көлеміне тең ұқсас шарттарда кепілдік беруге тиіс дегенді білдіреді.

2021 жылдан бастап ЕАЭО-ның басқа елдерінде жұмыс істейтін ЕАЭО елдерінің азаматтары жұмысқа орналасқан елдің азаматтарымен тең дәрежеде өздерінің зейнетақы құқықтарын қалыптастырып, сақтап және одан әрі іске асыра алады.

Келісімге сәйкес еңбекші - бұл ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің азаматы, оның зейнетақы құқықтары басқа мүше мемлекеттің аумағында еңбек немесе өзге де қызметті жүзеге асыру арқылы қалыптасады немесе қалыптасқан.

Еңбек өтілі - жұмыс және (немесе) өзге де қызмет (оның ішінде зейнетақы жарналарын төлеумен бірге) кезеңі, сондай-ақ зейнетақыға құқықты айқындау және оның мөлшерін есептеу кезінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ескерілетін өзге де кезеңдер.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет 2021 жылдың 01 қаңтарынан кейін еңбекшілердің өз аумағында ие болған жұмыс өтілі үшін өзінің заңнамасы бойынша зейнетақы төлейді.

Келісімнің ережелеріне сәйкес, егер бір мүше мемлекеттің аумағында жиналған еңбекшінің жұмыс өтілі зейнетақыға (жинақтаушы зейнетақыны қоспағанда) құқықтың туындауы үшін жеткіліксіз болса, онда ЕАЭО-ның басқа елдерінде, оның ішінде мұндай жұмыс өтілі уақыт бойынша сәйкес келетін жағдайларды қоспағанда, Келісім күшіне енгенге дейін жиналған жұмыс өтілі ескерілетін болады.

Бұл үшін ЕАЭО елдерінің құзыретті органдары тиісті ақпараттық формулярлар арқылы еңбек етушіде еңбек өтілінің болуы туралы ақпарат алмасатын болады.

Бұдан басқа, Келісімнің ережелеріне сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау мақсатында еңбекшілерді мүгедектікті белгілеу үшін медициналық тексеру тұратын елдің заңнамасы бойынша, ал мүгедектігі бойынша зейнетақы тағайындайтын жұмысқа орналастырушы елдің заңнамасы бойынша мүгедектік тобы мен мерзімін белгілеу үшін куәландыру жүргізілетін болады.

ЕАЭО-ға мүше әрбір мемлекет еңбекшіге жұмыс кезеңіне және жұмысқа орналасқан елдегі зейнетақы жарналарының аударымдарына сәйкес келетін зейнетақының бір бөлігін төлейтінін ескере отырып, еңбекшілер–ЕАЭО елдерінің азаматтары ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстан Республикасында жұмыс берушілермен еңбек қатынастарын ресми ресімдеуі, яғни міндетті түрде уақтылы еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар жасасуы қажет.түрде уақтылы еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарттар жасасуы қажет.

Қазақстандық жұмыс берушілерге Келісімге сәйкес ЕАЭО – ға қатысушы елдердің азаматтарына берілетін зейнетақы құқықтары Қазақстан Республикасы азаматтарының зейнетақы құқықтарын қалыптастырумен бірдей шарттарда және тәртіппен зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылуға тиіс екендігіне ерекше назар аудару қажет. Бұл өз кезегінде қазақстандық жұмыс берушілерді 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕАЭО – ға мүше мемлекеттердің азаматтарының барлық қызметкерлері үшін табысының 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын жүзеге асыруға міндеттейді.