«Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» атты облыстық семинар ұйымдастырып, өткізді

«Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» атты облыстық семинар ұйымдастырып, өткізді

2021 жылы 04 маусымда 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтеу» атты облыстық семинар ұйымдастырып, өткізді.

Семинарда Нұр-сұлтан қаласының адвокаттар алқасының мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты, бірінші экономикалық төреліктің төрешісі С.Б.Серікбекова, «Мемлекеттік аннуитеттік компания «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ төлемдерді реттеу департаментінің директоры В.М. Қалиев, «UMC» корпоративтік қоры Орталығының «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы» инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі Г.О.Агажаева, «ЕРДО» АҚ әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі ақпараттық жүйелерді дамыту және сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы Ж.Ж. Дилжанова сөз сөйледі. Олар өндірістегі жазатайым оқиға нәтижесінде зардап шеккен адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу мәселелері, жазатайым оқиға кезінде сақтандыру төлемін алудың негізгі проблемалары, өндірісте зардап шеккен қызметкерлер үшін медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізудің негізгі аспектілері туралы баяндады.

Барлығы 200-ден астам мемлекеттік мекемелердің, салалық кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, кәсіпорын басшылары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қызметтің басшылары мен мамандары қатысты.