Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы...

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы...

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен (бұдан әрі Басқарма) 01.04.2021 жылы іс-шаралар жоспарын әзірленіп, бекітілді.

Басқарманың ұсынымдарына сәйкес облыс кәсіпорындарында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары әзірленіп, бекітілді, оларға сәйкес кезектен тыс нұсқаулықтар өткізілді, оқу сыныптары, бұрыштар ресімделді, ақпараттық бюллетеньдер шығарылды, еңбекті қорғау жөніндегі көрнекі үгіт жаңартылды, Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған стенділер ресімделді, семинарлар, инженерлік-техникалық қызметкерлерді аттестаттау өткізілді, жаңа нұсқаулықтар әзірленді, жұмыс кәсіптері үшін еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қолданыстағы нұсқаулықтар қайта қаралды.

Еңбекті қорғауды сақтау, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және өндірістік жарақаттанудың алдын алу сұрақтарын қарай отырып дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізілді ("ШығысКенҚұрылыс" АҚ, "Өскемен ЖЭО" ЖШС, "Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны" ЖШС, «Артель Старателей «Горняк» ЖШС ЖШС, "Васильевское ГМК" ЖШС және т.б.).

«Еңбекті қорғау бойынша үздік техникалық инспектор», «Қауіпсіздік техникасын сақтау бойынша кәсіпорынның үздік бөлімшесі», «Еңбекті қорғау саласындағы үздік басшы», «Ең үздік қызметкер» атағына байқау-конкурстар ұйымдастырылды ("Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ филиалы, "Васильевское ГМК" ЖШС және  т.б.).

Жұмыс орындарында қауіпсіз жұмыс жүргізу бойынша қабырға газеттері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша плакаттар жарияланды ("Service СМУ" ЖШС, "Востокэнерго"ЖШС және т.б.).

27.04.2021 жылы сағат 11-00-де Семей қаласының еңбек заңнамасын бақылау бөлімі Семей өңірінің кәсіподағымен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының және жұмыс берушілердің өкілдерін шақырумен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған семинар-кеңес өткізді.

Мемлекеттік еңбек инспекторлары «ҚТЖ «ҰК» АҚ филиалының Семей магистральдық желі бөлімшесінде, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Семей ЖТ бөлімшесі филиалында «Дағдарысты болжау және оған дайын болу-қазір еңбекті қорғаудың жүйелеріне инвестициялау» тақырыбында семинар – кеңестер өткізілді.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлық шеңберінде мемлекеттік еңбек инспекторлары «Еңбекті қорғау бойынша деректерді жинау мен пайдалануды оңтайландыру» тақырыбында, еңбек жағдайларын және жұмыс орындарының қауіпсіздігін жақсарту мәселесі бойынша Риддер қаласының кәсіпорындарының инженерлік-техникалық басшыларымен дөңгелек үстел түрінде отырыстар өткізілді ("ВостокЭнергоИндустрия" ЖШС, "Казинтерэтнос" МХО ЖШС, "ЛТВ-К" ЖШС) Іс-сапарлар үй-жайларында, шеберханаларда, "ВостокЭнергоИндустрия" ЖШС, "Казинтерэтнос" МХО ЖШС, "ЛТВ-К" ЖШС ақпараттық стенділерінде плакаттар, нұсқаулықтар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі ережелер орналастырылған.

Жоғарыда аталған іс-шаралардың қорытындысы бойынша кәсіподақ комитетімен бірлесіп, қызметкерлерді грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапаттау өткізілді.