Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні - бүкіл әлем үшін, соның ішінде Қазақстан үшін де маңызды күн, бұл жұмысшылардың қауіпсіздігін бақылау қаншалықты маңызды екенін кезекті рет көрсетеді. Ол сондай-ақ жұмыста қайтыс болған, жарақат алған немесе кәсіби аурулары бар барлық адамдарды еске алу күні болып табылады.

2021 жылы Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні «Алдын ала білу, дайындалу және дағдарысқа жауап беру – еңбекті қорғаудың тұрақты жүйесіне инвестиция салу» ұранымен өтеді.

Бұл тақырып әлемде әлі де Сovid-19 пандемиясының өршуіне байланысты, 2020-2021 жылдары алынған тәжірибеге сүйене отырып, осы дағдарысқа және болашақ дағдарыстық жағдайларға төзімді болу үшін еңбекті қорғау жүйесін нығайту және жетілдіру қажет болғандықтан таңдалды.

Пандемия вирустың жұмыс орнында таралу қаупінен бастап, вирустың таралуын азайту шараларынан туындаған еңбек қауіпсіздігі мен денсаулығына байланысты барлық аспектілерге әсер етті.

Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) осы тақырыпқа назар аудару және еңбек қауіпсіздігін қорғаудың дұрыс жүйелерін құруды ынталандыру үшін Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін пайдаланады.