Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы қалай төленеді?

Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақы қалай төленеді?

«Еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес жұмыскер еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақты жұмыс берушіге еңбекке уақытша қабілетсіздігі туралы парақта белгіленген жұмысқа шығатын күні немесе жұмысқа қабілетсіздігі аяқталғанға дейін ұсынады.

Жәрдемақыларды төлеу үшін ұсынылған еңбекке уақытша жарамсыздық парақтары жұмыс берушінің бухгалтериясына тапсырылады.

Жәрдемақы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жалақы төлеу үшін белгіленген мерзімдерде төленеді.

ҚР Еңбек кодексінің 133-бабының 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген күнге қарамастан, өз қаражаты есебінен жұмыскерлерге еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті.