Электрондық еңбек шарттары жүйесін дамыту шеңберінде кәсіпорындардағы іс жүргізуді...

Электрондық еңбек шарттары жүйесін дамыту шеңберінде кәсіпорындардағы іс жүргізуді...

Электрондық еңбек шарттары жүйесін дамыту шеңберінде кәсіпорындардағы іс жүргізуді электрондық форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне өзгертулер мен толықтырулардың негізгі ережелері туралы, сонымен қатар «Электрондық еңбек биржасы» порталында электрондық еңбек шарттарын енгізу бойынша облыстың кәсіпорындары мен мекемелері арасында тұрақты негізде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғастыруда.

         Электрондық еңбек келісім-шарттарын «Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне» енгізу туралы ескертулер жұмыскер мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді, еңбек құқықтарын сақтау мониторингінің тиімділігін арттырады, құжаттардың жалған болу қаупін жояды және жұмысқа қабылдау процесін жеделдетеді, Басқарманың, облыс әкімдігінің ресми сайттарында (инстаграм парақшалары, facebook және т.б.) орналастырылған.

2020 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысы хаттамасының 2.2-тармағын орындау шеңберінде еңбек келісім-шарттарын толық электронды форматқа аударуды аяқтау бойынша облыс әкімінің орынбасары электрондық еңбек келісімшартын енгізу жоспарын бекітіп және оны орындау үшін қалалар мен аудандардың әкімдеріне хаттар жіберілді.

2021 жылға жоспар бойынша 5716 жұмыс берушіні қосу және 179308 шартты тіркеу көзделген. 2021 жылғы 22 ақпанындағы жағдай бойынша өңірде 1294 (23%) жұмыс беруші 28439 (16%)  еңбек шартын енгізді.  Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және үнемі бақылауда.