2021 жылғы 18 ақпанда «ШҚО кәсіподақ орталығы» ТОП төрағасы Т.Қасымжановтың төрағалығымен...

2021 жылғы 18 ақпанда «ШҚО кәсіподақ орталығы» ТОП төрағасы Т.Қасымжановтың төрағалығымен...

2021 жылғы 18 ақпанда «ШҚО кәсіподақ орталығы» ТОП төрағасы Т.Қасымжановтың төрағалығымен онлайн режимде мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің қатысуымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы, ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының облыс ұйымдарында, оның ішінде банкроттық және оңалту рәсімінен өтіп жатқан кәсіпорындарда жалақы бойынша берешектерді төлеу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстары туралы ақпараты тыңдалды.

Облыс кәсіпорындарында өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы және «Казцинк» ЖШС, «Шығыстүстімет» ЖШС өкілдері сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша қалалар мен аудандардың әкімдеріне, мемлекеттік мекемелерге жалақы бойынша берешекті азайту, «2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі Жол картасын» орындау және әлеуметтік, еңбек жанжалдарын болдырмау жөнінде тиісті шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берілді.