Сұрақ: Қоса атқарылатын жұмыс қалай рәсімделеді және төленеді?

Сұрақ: Қоса атқарылатын жұмыс қалай рәсімделеді және төленеді?

Жауап: Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 1 бабы 1 тармақ 56) тармақшасына сәйкес қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы болып табылады.

Яғни, қызметкер негізгі жұмыс міндеттерін орындағаннан кейін қоса атқарылатын жұмысты орындауға міндетті. Бұл ретте қызметкермен қоса атқаратын жұмысқа еңбек шарты жасалуы тиіс.

Қоса атқаратын жұмыс үшін мынадай талаптарды сақтай отырып, жұмыскерлермен қоса атқаратын еңбек шартын жасасу қажет:

1. жұмыскер негізгі жұмыс орны (жұмыс орны, лауазымы, еңбек жағдайлары) бойынша еңбектің сипаты мен жағдайлары туралы анықтама ұсынады (ҚР Еңбек кодексінің 32-бабының 4-тармағы);

2.негізгі жұмыс орны бойынша және қоса атқаратын жұмысы бойынша күнделікті жұмыстың жиынтық ұзақтығы осы Кодекстің 71-бабының 4-тармағында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақтығының нормасынан 4 сағаттан артық, яғни 12 сағаттан артық болмауға тиіс. (ҚР Еңбек кодексінің 68 бабының 3 тармағы).

Еңбек кодексінің 92-бабының 5-тармағына сәйкес қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысы негізгі жұмысы бойынша демалыспен бір мезгілде беріледі.

Егер қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шарты бойынша жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысының ұзақтығы негізгі жұмыс бойынша демалыстың ұзақтығынан аз болса, жұмыс беруші қоса атқарушы жұмыскердің өтініші бойынша оған демалыстар ұзақтығының айырмасын құрайтын күндерге жалақы сақталмайтын демалыс береді.