03.02.2021 жылы Семей-Өскемен тас жолында жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік...

03.02.2021 жылы Семей-Өскемен тас жолында жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік...

03.02.2021 жылы Семей-Өскемен тас жолында жүк көлігі мен жедел жәрдем көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде «Үржар ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК қызметкерлерімен топтық жазатайым оқиға болды. Нәтижесінде 2 қызметкер қаза тапты және 1 қызметкер ауыр жарақаттанды.

2021 жылғы 4 ақпанда ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының бұйрығымен облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы, жұмыс беруші және қызметкерлер өкілінің қатысуымен жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру комиссиясы (әрі қарай-Комиссия) құрылды.

Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 189 бабының 7 тармағына сәйкес көлік құралдарының авариясы салдарынан болған еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары негізінде жүргізіледі.

Қазіргі уақытта Комиссия жол-көлік оқиғасы материалдарын ұсыну туралы облыстық полиция Департаментіне сұрау хат жолдады.

Комиссия он жұмыс күні ішінде жиналған құжаттар мен материалдардың негізінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның мән-жайлары мен себептерін анықтайды, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды және еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғалардың себептерін жою және олардың алдын алу жөніндегі шараларды айқындайды.

Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін жазатайым оқиға туралы актінің бір данасын жұмыс беруші қаза тапқан жұмыскерлер туыстарына мен зардап шегушіге береді.

Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеу аяқталғаннан кейін мемлекеттік еңбек инспекторының арнайы тергеу материалдарының көшірмелері жеті жұмыс күні ішінде аумақтық полиция органына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдау үшін жолдайды.

Бұл жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру жұмыстары  ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының тұрақты бақылауында.