ҚАЗТЕСТ: ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ АЛУДЫ ЖОСПАРЛАҒАНДАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

ҚАЗТЕСТ: ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН НЕМЕСЕ ҚАЗАҚСТАНДА ТҰРАҚТЫ ТҰРУҒА РҰҚСАТ АЛУДЫ ЖОСПАРЛАҒАНДАР НЕНІ БІЛУІ КЕРЕК?

Қандас мәртебесін алуды немесе Қазақстанда тұрақты тұруға рұқсат рәсімдеуді жоспарлаған азаматтар үшін ҚАЗТЕСТ тапсыру – көші-қон әлеуетін критериалды бағалау кезеңдерінің бірі. Тестілеу адамның мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға бағытталған.

ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін терең білуді талап ететін күрделі емтихан емес. Тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға негізделіп, қазақ тіліндегі ақпаратты тыңдап түсіну және оқығанын қабылдау дағдыларын бағалайды.

Қатысушы тыңдалым және оқылым бағыттары бойынша барлығы 60 тапсырма орындайды. Тестілеуге 1 сағат 10 минут беріледі. Тест онлайн форматта және прокторинг жүйесі арқылы жүргізіледі.

Алдын ала дайындалғысы келетіндер үшін бейімдеу және интеграция орталықтарында тегін дайындық қарастырылған. Мұнда тест форматы түсіндіріліп, жаттығу тапсырмаларын орындауға болады.

Қажетті нәтиже көрсетілмеген жағдайда тестті қайта тапсыруға мүмкіндік бар: соңғы тестілеуден кейінгі 30 күнтізбелік күн ішінде екі ретке дейін қайта тапсыруға болады.

Тесті бастамас бұрын камера мен микрофонның жұмысын және интернет байланысының тұрақтылығын тексеру қажет.

Тест нәтижесі үш жұмыс күні ішінде беріледі.

ҚАЗТЕСТ – көші-қон әлеуетін критериалды бағалаудың жалпы рәсіміндегі кезеңдердің бірі. Оның мақсаты – адамның мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдану және қарапайым қазақша қарым-қатынас жасау деңгейін анықтау.

Қосымша ақпарат: Testcenter.kz және migration.enbek.gov.kz ресми ресурстарында.

Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube