
Еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау мақсатында «Еврофарм» ЖШС-де профилактикалық бақылау жүргізілуде.
Профилактикалық бақылау барысында жұмыс берушіге кәсіптік тәуекелдерді бағалау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жұмыс орындарындағы ықтимал қауіп-қатерлерді анықтау, еңбек жағдайларын бағалау және өндірістік тәуекелдердің алдын алу бойынша қажетті шараларды ұйымдастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, жұмыскерге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес тиісті жұмыс орнымен қамтамасыз етілуі жөнінде түсіндірме берілді. Жұмыс берушінің негізгі міндеттері, оның ішінде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау, жұмыскерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша жалпы ақпарат ұсынылды.
Профилактикалық бақылаудың негізгі мақсаты - еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігіне қатысты тәуекелдердің алдын алу және жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасында еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыру.
Жұмыс берушіге анықталған мәселелер бойынша қолданыстағы еңбек заңнамасының талаптарын сақтау және тиісті профилактикалық шараларды уақытылы қабылдау қажеттілігі туралы жалпы ақпарат берілді.