2020 жылы 25 қарашада 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы...

2020 жылы 25 қарашада 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы...

2020 жылы 25 қарашада 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Шығыс Қазақстан облысының 2019-2023 жылдарға арналған өндірістік жарақатты және зиянды еңбек жағдайларындағы жұмыс орындарын азайту бойынша Жол картасы» шеңберінде, облыс ұйымдарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу және еңбек жағдайларын жақсарту. Еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу» тақырыбына семинар өткізді.

Семинарда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Республикалық еңбекті қорғау институты» ШЖҚ РМК-ның бас директоры, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Сериккали Гумарович Бисақаев сөз сөйлеп, өндірістік жарақаттану, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және есепке алу мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ семинарға «АЛТАЙТЕХЭНЕРГО» ЖШС-ның директоры, техника ғылымдарының кандидаты, БҚТУ кафедрасының доценті С.А. Гармашова, «Қазақстан Республикасы Энергетика министірлігі Атомдық және энергатикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ-нің басшысының орынбасары М.Т. Қабдолдаев және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша бөлімінің бастығы Ф.С. Тютенов қатысты. Олар өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау, Электр энергетикасы саласындағы объектілерде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қадағалау мәселелері туралы айтып өтті.

Барлығы 160-тан аса мемлекеттік мекемелердің, салалық кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпорындардың басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің басшылары мен мамандары қатысты.