
Жұмыскер өз кезегінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтауға, берілген жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалануға, қажетті оқытудан және медициналық тексерулерден уақтылы өтуге, сондай-ақ өмір мен денсаулыққа қауіп төндіретін жағдайлар, өндірістік жарақаттар және басқа да қауіпті мән-жайлар туралы жұмыс берушіге дереу хабарлауға міндетті.