Облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті

Облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті

2026 жылдың 25 маусымында ШҚО облысы әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиевтің төрағалық етуімен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және  еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті.

Комисся отырысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Б. Қизатовтың еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі деректер мен міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) түсімдері арасындағы анықталған сәйкессіздіктер, жалақы бойынша берешек, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды еңбекке тарту туралы ақпараты тыңдалды.

Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақ орталығының төрағасы Т. Қасымжанов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістік жарақатты азайтудағы қоғамдық бақылаудың рөлі туралы айтып өтті.