Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өтті

2026 жылғы 25 маусымда «Облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттануды төмендету және оның алдын алу шаралары, сондай-ақ келтірілген зиянның орнын толтыру мәселелері туралы» тақырыбында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі Сараптамалық кеңестің отырысы өтті.

Отырысқа мемлекеттік еңбек инспекторлары, «ШҚО кәсіподақтар орталығы» АКБ, ШҚО энергетика қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы, ШҚО бойынша «Paryz» Қазақстан Республикасы жұмыс берушілер ұлттық конфедерациясының өңірлік өкілдігі, сондай-ақ ағымдағы жылы ауыр және өлімге әкелетін жазатайым оқиғалар болған ұйымдардың кәсіпорындарының басшылары мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі мамандары қатысты.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б.Қ. Қизатов 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы облыс кәсіпорындарындағы өндірістік жарақаттану жағдайы туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, ол 2026 жылғы 8 маусымнан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыр туралы айтты.

Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Т.Ж.Қасымжанов «Халықтық бақылау: техникалық инспектор мәртебесін заңнамалық тұрғыдан бекіту» тақырыбында баяндама жасап, еңбек қауіпсіздігі талаптарының сақталуына қоғамдық бақылауды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Өндірістік жарақаттануды төмендету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі директоры Е.А. Чумин, «Шығыстүстімет» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшысы И.А. Шушаков және «ҚАЖсервис» ЖШС ШҚОФ бас инженерінің міндетін атқарушы Е.А. Сейлханов баяндады.

Отырыс барысында қатысушылар өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбекті қорғауды басқару жүйелерін жетілдіру, сондай-ақ облыс кәсіпорындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау бойынша практикалық шараларды талқылады.