КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ЕТУІН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН РЕЙД ӨТТІ

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ЕҢБЕК ЕТУІН БАҚЫЛАУ БОЙЫНША БІРЛЕСКЕН РЕЙД ӨТТІ

2026 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А.М. Ертаевтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңестің хаттамалық шешімінің 5.2-тармағын орындау мақсатында атқарылған жұмыстар.

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы Қ.С. Ерғазинов кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдаланудың алдын алу, оны дер кезінде анықтау және жолын кесу мақсатында Өскемен қаласының прокуратура және полиция органдарымен бірлесіп жанармай құю станцияларында, көлік жуу орындарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында профилактикалық іс-шаралар (рейдтер) жүргізді.

Іс-шаралар барысында жұмыс берушінің жасөспірімді жұмысқа қабылдау кезіндегі міндеттері, жұмыс уақытының ұзақтығын белгілеу тәртібі, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың еңбек қызметіне қатысты қолданыстағы шектеулер мен тыйымдар жөнінде еңбек заңнамасының нормалары түсіндірілді.