
2026 жылғы 19 маусымда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Жазықпаев Бақтияр Базарбайұлы келді.
Жұмыс сапары аясында жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықпен кездесу өтті. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралады.
Кездесу барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Б. Кизатов «Жасөспірімдерді еңбекке тартудың заңнамалық негіздері» тақырыбында баяндама жасады, сонымен қатар Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіндегі (ER Enbek) атқарылған жұмыстар мен міндеттер туралы айтып өтті.
Сапар соңында Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Б.Б. Жазықпаев кездесуге қатысушылармен әлеуметтік және еңбек заңнамасы саласындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты және мемлекеттік сервистерді дамытудың алдағы уақыттағы бірқатар бағыттарымен таныстырды.