
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес қызметкерлерге жүктілікке және босануға байланысты демалыс, сондай-ақ бала күтіміне байланысты демалыс беріледі.
Бала күтіміне байланысты демалыс кезеңінде қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Демалыс аяқталғаннан кейін жұмыс беруші қызметкерге бұрынғы еңбек жағдайларымен жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беруге міндетті.
Жұмыс берушілердің жауапкершілігі
Әйелдердің және отбасылық міндеттері бар адамдардың еңбек құқықтарын сақтау әрбір жұмыс берушінің міндеті болып табылады. Заңнамада белгіленген кепілдіктерді бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Еңбек құқықтары бұзылған жағдайда қызметкерлер кеңес алу және өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін мемлекеттік еңбек инспекциясының аумақтық бөлімшелеріне жүгінуге құқылы.
Еңбек кепілдіктерінің сақталуы қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды сақтауға және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.
2025 жылғы 8 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 80 бұйрығымен жүктілікке және босануға байланысты, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді есептеу қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Енгізілген өзгерістерге сәйкес:
Осыған байланысты, ұжымдағы әйелдердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Департамент Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 99-бабының 4-тармағында көзделген норманы Ұжымдық шартқа енгізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынады.