
Жүкті әйелдерге арналған кепілдіктер
Жүкті әйелдер еңбек заңнамасына сәйкес ерекше еңбек кепілдіктеріне ие.
Жұмыс беруші жүкті әйелдерді келесі жұмыстарға тартуға құқылы емес:
Сонымен қатар, заңнамада әйелдердің ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда еңбек етуіне, сондай-ақ белгіленген нормалардан артық ауыр заттарды көтеруіне және тасымалдауына шектеулер белгіленген.
Жұмыстан шығарудан қорғау
Ең маңызды кепілдіктердің бірі – жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүкті әйелдермен, жас балалары бар әйелдермен, жалғызбасты ата-аналармен және баланы анасыз тәрбиелеп отырған өзге де тұлғалармен еңбек шартын бұзуға шектеу қою.
Мұндай қызметкерлер мемлекеттің ерекше құқықтық қорғауында болады.
Еңбек шартының мерзімі аяқталған жағдайда жүкті қызметкер медициналық қорытындысы мен жазбаша өтініші болған кезде заңнамада көзделген жағдайларда еңбек қатынастарын ұзартуға құқылы.