
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Персоналды басқару департаментінің ұйымдастыруымен 2026 жылдың 17 маусымында сағат 10:00-де Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің аумақтық департаменттерінің қызметкерлері онлайн қатысқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Онлайн жиналыс барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің әдеп жөніндегі өкілі Бекбатыр Жанатұлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқыды.
Дәріс барысында мемлекеттік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға, мүдделер қақтығысына, әдеп нормаларының талаптарын, қызметтік жағдайын жеке мақсаттарда пайдалануға және мемлекеттік қызметке деген сенімге нұқсан келтіретін өзге де әрекеттерге жол бермеу қажеттілігі түсіндірілді.