
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушілердің қызметкерлермен еңбек қатынастарын рәсімдеу кезінде пайдалануына арналған үлгілік еңбек шарттарын әзірледі.
Барлық қызмет салаларына арналған бірыңғай үлгілік еңбек шарты, сондай-ақ көлік, құрылыс және қоғамдық тамақтандыру салаларының ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген жеке үлгілік еңбек шарттары дайындалды.
Құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің талаптарына сәйкес келеді және тараптардың құқықтары мен міндеттерін, жұмыс және тынығу уақытын, еңбекақы төлеу тәртібін, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін, кепілдіктер мен өтемақыларды реттейтін қажетті талаптарды қамтиды.
Үлгілік еңбек шарттары ұсынымдық сипатқа ие және оларды жұмыс берушілер кадрлық іс жүргізуді жетілдіру және еңбек заңнамасының талаптарын сақтау мақсатында өз қызметінде пайдалана алады.
Үлгілік еңбек шарттарымен келесі сілтеме арқылы танысуға болады:
https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-enbek/documents/1?lang=kk