
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Қабаев А.А. «Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған медициналық орталығы» ШЖҚ КМК ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек қатынастары саласындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс берушінің Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді уақытылы және толық енгізу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, ЕШЕБЖ-де тіркелген еңбек шарттары туралы мәліметтердің болмауы, міндетті зейнетақы жарналары бойынша деректер арасындағы сәйкессіздіктерді жою жолдары қарастырылды.
Кездесу аясында еңбек заңнамасының нормаларын қолдану, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақтау және кадрлық құжаттаманы талаптарға сәйкес жүргізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Маман қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, еңбек қатынастары саласындағы заң талаптарын сақтау бойынша нақты ұсыныстарын жеткізді.