ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН ҚҰҚЫҚТАР ТҮСІНДІРІЛДІ

Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев «Казахстанская горная компания» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында жүргізілген профилактикалық бақылау нәтижелері талқыланып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы талаптары жан-жақты түсіндірілді. Атап айтқанда, қызметкерлерді арнайы киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету тәртібі, жұмыс берушінің қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру жөніндегі міндеттері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты басқа да маңызды нормалар қамтылды.

Іс-шара еңбек қатынастары саласындағы құқықтық сауаттылықты арттыруға және өндірістегі қауіпсіздік деңгейін күшейтуге бағытталды.