
23 сәуірде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев Өскемен қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен өткен «Өндірістік жарақаттанудың профилактикасы» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында ұйымдастырылып, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін нығайтуға бағытталды.
Семинар барысында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнама талаптары түсіндіріліп, жұмыс орындарындағы өндірістік жарақаттанудың алдын алу, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және профилактикалық шараларды күшейту мәселелері талқыланды.
Мұндай кездесулер еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау деңгейін арттырып, өндірістік тәуекелдердің алдын алуда маңызды рөл атқарады.