Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті

Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті

2026 жылғы 23 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары Е. Нұрғалиевтің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысы барысында Департамент басшысы Б. Қизатов қатысушыларды Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпорындар мен мекемелердегі Еңбек тәуекелдері картасы бойынша жағдайды бағалау және облыстағы кәсіпорындардағы жалақы бойынша берешек жағдайы туралы хабардар етті.

Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы С. Уалибекова, ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы басшысының орынбасары М. Ибраимов күн тәртібіне сәйкес ақпараттармен бөлісті.