
Мемлекеттік еңбек инспекторы К. Т. Тоқташев «Өскемен құс фабрикасы» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында еңбек заңнамасының сақталуы, өндірістегі қауіпсіздік техникасы, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру, сондай-ақ еңбек қатынастарына қатысты өзге де өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
Іс-шара аясында қызметкерлердің құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістегі қауіпсіздікті күшейту бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.