АЛТАЙ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

АЛТАЙ АУДАНЫНДА ЕҢБЕК ЗАҢНАМАСЫН ТҮСІНДІРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

2026 жылғы 10 сәуірде мемлекеттік еңбек инспекторы Е.Е. Мухтаров Алтай ауданындағы «Шығыс Найман» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізіп, оның барысында Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларын түсіндірді.

Іс-шара Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында еңбек заңнамасын сақтау мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, жұмыс берушінің қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыру жөніндегі міндеттері, сондай-ақ еңбекақы төлеудің тәртібі мен мерзімдері қарастырылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің пайда болу тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді.