ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылғы 8 сәуірде профилактикалық бақылау шеңберінде Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев «ДимСтрой» ЖШС қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын сақтау мәселелері жан-жақты қаралды. Сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау талаптары және қызметкерлердің жұмыс жағдайына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Қызметкерлер өз құқықтары мен міндеттері жөнінде сұрақтар қойып, тиісті түсініктемелер алды.

Мұндай іс-шаралар тек заңнамалық талаптардың орындалуын қадағалауға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, еңбек дауларын алдын алуға және ұжым ішінде сенімді жұмыс ортасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесудің нәтижесінде қызметкерлердің еңбек құқықтары мен қауіпсіздік талаптары жөнінде білімдері кеңейіп, заң талаптарын орындауға деген ынталары артты, бұл өз кезегінде компанияның тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс ортасын дамытуға септігін тигізеді.