Баспасөз-релизі Семинар тақырыбы: «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына 2020 жылы енген өзгерістер мен толықтырулар». Шетелдік жұмыс күшін тарту»

Баспасөз-релизі Семинар тақырыбы: «Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына 2020 жылы енген өзгерістер мен толықтырулар». Шетелдік жұмыс күшін тарту»

2020 жылғы 06 қарашада сағат 9.30-да ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасымен «ZOOM» (онлайн) платформасын қосу арқылы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы бойынша бизнес-тренері, заң ғылымдарының кандидаты, Әл-Фараби атындағы Қазақстан ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасының доценті Наталья Васильевна Гилеваның және Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілінің қатысуымен семинар (тегін) өткізіледі.

ҚР Еңбек Кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша облысымызда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Еңбек Кодексіне 131 өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтсақ, 67 бап өзгертіліп, 41 талап жаңарды.

Айта кетсек, аталған Заң еңбек шарттарын түзу және есепке алу процесін автоматтандырады. Осыған байланысты «еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесін» және еңбек саласында жұмыскердің құқықтары мен бостандықтарына шектеу жасау фактілер бойынша жұмыскерлерді жауапкершілікке тарту нормасы енгізілген. Сондай-ақ, бұрын жұмыскерді әскери қызметте борышын өтеуге шақыртулар еңбек шартын тоқтатуға негіз болған болса, қазір жұмыс берушіге азаматтың жұмыс орнын сақтауды міндеттеуді қарастырады.

Оған қоса, еңбек шартында жұмыскермен келісім бойынша хабарлама бермей-ақ, өтемақы төлемін жүргізіп, жұмыс берушіге еңбек шартын тоқтатуға мүмкіндік берген 50-баптың 3-тармағы алынып тасталған. Бұл ретте еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөнінде әлеуметтік әріптестік саласында нақтылау сипатына өзгеріс енгізілген.

Сондай-ақ, «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру және (немесе) ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 559 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 386 бұйрығы  ҚР Әділет министрлігінде 2020 жылғы 1 қазанда № 21353 болып тіркелді).