Еңбек ұжымымен кездесу

Еңбек ұжымымен кездесу

2026 жылғы 12 наурызда профилактикалық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік еңбек инспекторы А.А. Қабаев «Левобережная клиника» мекемесінің еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесу барысында қызметкерлер Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы және еңбекті қорғау талаптары бойынша түсініктемелер, сондай-ақ еңбек құқықтары мен жұмыс жағдайларын сақтау туралы сұрақтарға жауаптар алды.
Мұндай кездесулер еңбек заңнамасын бұзудың алдын алуға және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.