10 наурызда әлеуметтік диалог орталығының алаңында Әлеуметтік әріптестік және еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер Конфедерациясы ШҚО филиалының басшысы Тамара Рахымжанованың төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына үшжақты комиссия мүшелері, ШҚО кәсіптік бірлестіктерінің өкілдері, басқарма басшылары мен орынбасарлары, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, жеке сот орындаушылары палатасы филиалының өкілдері, сондай-ақ «Востокмашзавод» АҚ және «Кэмонт»АҚ басшылары қатысты. Отырыстың күн тәртібі - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешектің жай-күйі.
Бірінші мәселе бойынша - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарындағы жалақы бойынша берешектің жай-күйі туралы - Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департамент басшысы Бақытбек Қизатов сөз сөйледі. Ол жалақы бойынша берешекті өтеу мәселелері тұрақты бақылауда екенін атап өтті. 10 наурыздағы жағдай бойынша облыстың 11 кәсіпорнында жалағы берешегі бар екенін, оның ішінде 3 жұмыс істеп тұрған кәсіпорында мерзімі өткен берешек, 7 кәсіпорын оңалту және банкроттық рәсімде, 1 кәсіпорында ағымдағы берешек бар.
Осы мәселе бойынша «Востокмашзавод» АҚ және «Кэмонт» АҚ кәсіпорындарының басшылары сөз сөйледі, олар жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті және одан әрі жұмыс жоспарларын ұсынды.
Екінші мәселе бойынша - оңалту және банкроттық рәсіміндегі кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекті өтеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы - ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова сөз сөйледі.
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінің нұсқамалары негізінде жалақы бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу бойынша Шығыс Қазақстан облысы бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының жүргізіліп жатқан жұмысы туралы ШҚО бойынша жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Санат Әбдірахманов баяндады.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.