
Жұмысшыларға арналған нұсқаулық.
Егер Сіздің жұмыс берушінің еңбек шартын бұзуды «Enbek HR» еңбек ресурстары порталына уақытында енгізбеген болса, өзіңіз өтініш бере аласыз.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі - Департамент) осы жағдайда әрекет ету тәртібін түсіндіреді.
«Enbek HR» қосымшасын телефонға жүктеп алыңыз. Сол қосымшадағы жеке кабинетіңіз арқылы «шарттар» бөлімін ашып, әрі қарай «шартты бұзу» нұсқасын таңдап, жұмыс істегеніңізді растайтын құжаттарды (еңбек кітапшасындағы жазба, еңбек шарты, жұмысқа қабылдау немесе жұмыстан шығару туралы бұйрықтың көшірмесі, зейнетақы жарнасынан үзінді) жүктеп, сұраныс жолдаңыз, жұмыс істегеніңізді растайтын құжаттар жоқ болған жағдайда «жою» нұсқасын таңдайсыз.
Сіз осы қадамдарды жасағаннан кейін, өтінішіңіз алдымен 3 жұмыс күні ішінде жұмыс берушінің қарауына түседі, одан кейін Департаменттің қарауына түсіп, 3 жұмыс күні өткеннен кейін Сіздің өтінішіңіз бойынша жауап беру тетігі ашылады. Өтініштің қаралу нәтижесін өз жеке кабинетіңізден көре аласыз.