
2026 жылғы 10 ақпанда облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М. Омардың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Департамент басшысы Б. Қизатов қатысушыларды 2025 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік жарақаттану жағдайы, келтірілген зиянды өтеу бойынша жүргізілген төлемдер, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу және профилактикасы бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.