
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 187 бабына сәйкес жұмыс беруші еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға туралы бір тәулік ішінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысан бойынша аумақтық бөлімшеге, яғни Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің ШҚО бойынша департаментіне (тел. 8/7232/700-125, 256502, enbek-i@akimvko.gov.kz) хабарлауға міндетті.
Жазатайым оқиға туралы хабарламада келесі мәліметтер қамтылуы тиіс:
-ұйымның атауы, жұмыс берушінің мекенжайы;
оқиғаның болған күні, уақыты және орны;
зардап шеккен адамның тегі, аты және әкесінің аты; лауазымы, жарақаттың ауырлық дәрежесі;
жазатайым оқиғаның мән-жайларының қысқаша сипаттамасы.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 96-бабына сәйкес еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға фактісін жасырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 100, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 150, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 200 АЕК).