
2026 жылғы 13 қаңтарда Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаментінде "ҚР ЕжХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалының мамандарымен бірлесіп кәсіби тәуекелдерді бағалау мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында бағалау жүргізу тәртібі мен мерзімдері, оның еңбек жағдайлары бойынша өндірістік объектілерді аттестаттаудан айырмашылығы және басқа да өзекті мәселелер қаралды.