
2025 жылғы 19 қарашада облыс әкімінің бірінші орынбасары Ж.М.Омардың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның кезекті отырысы өтті.
Отырыс барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Б.Қизатовтың облыс кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайы туралы, шаруа қожалықтарының қызметкерлерімен еңбек шарттарын жасасу және бірыңғай цифрлық платформаға (БЦП) штаттық кестелерді енгізу барысы туралы ақпараты тыңдалды.
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етудегі қоғамдық бақылаудың рөлі туралы "ШҚО кәсіподақ орталығы" Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Т.Ж. Қасымжанов сөз сөйледі.
Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі жұмыс істеу үшін нақты тапсырмалар берілді.