2020 жылы 28 қазанда 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы...

2020 жылы 28 қазанда 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы...

2020 жылы 28 қазанда 10-00 сағатта Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «Кадрлардың біліктілігі және кәсіби дайындығын арттыру арқылы өндірістік жарақаттың алдын алу» тақырыбына семинар өткізді. Семинарда 150-ден аса мемлекеттік мекемелердің, салалық кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері, кәсіпорындардың басшылары, еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызметтің басшылары мен мамандары қатысты. Семинар барысында өндірістік жарақаттану, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, кадрларды кәсіби даярлау және біліктілігін арттыру, тау-кен саласы қызметкерлерінің жаңа буынын даярлау, COVID 19-ға шалдыққан жұмысшыларда жүрек-қан тамырлары асқынуларын анықтаудың маңыздылығы туралы мәселелер талқыланды, сондай-ақ еңбекті қорғау қауіпсіздігінің тиімділігін арттыру бойынша пікірлер, тәжірибелер және ұсыныстармен алмасты.