«Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі шаралар туралы»

«Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі шаралар туралы»

2020 жылғы 23 қазанда сағат 15-00-де ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Е.Ж. Нұрғалиев пен ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары-Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Т.К. Оспанқұловтың қатысуымен «Өндірістік жарақаттануды және еңбек жағдайлары зиянды жұмыс орындарын азайту жөніндегі шаралар туралы» тақырыбында жиналыс өтті. Жиналысқа 50-ден астам мемлекеттік мекемелердің өкілдері, облыс кәсіпорындарының басшылары қатысты. Семинар барысында өндірістік жарақаттану, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды, еңбекті қорғау қауіпсіздігінің тиімділігін арттыру бойынша пікір, тәжірибе, ұсыныстармен  алмасты. Семинар қорытындысы бойынша жұмыс берушілерге еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша ұсыныстар берілді.