ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ағымдағы жылдың 14 қазанында Еңбек...

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ағымдағы жылдың 14 қазанында Еңбек...

ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы ағымдағы жылдың 14 қазанында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті, ШҚО Әділет департаменті және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізді, онда атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру, оның ішінде жалақы мен әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу бойынша мәселелері талқыланды. Қорытындысы бойынша ШҚО Әділет департаменті, жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы және мемлекеттік еңбек инспекциясы арасында жалақы бойынша берешекті өндіріп алудағы атқарушылық іс жүргізу бойынша материалдарды ұсыну мәселелері бойынша бірлескен іс-қимыл Алгоритмі әзірленетін болады.