2025 жылғы 30 шілдеде сағат 10:00-де ШҚО Профсоюздар орталығы ғимаратында ҚР ЕХӘҚМ Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің ШҚО бойынша департаменті кәсіподақтармен, «Парыз» жұмыс берушілер конфедерациясымен және салалық заңды тұлғалар бірлестіктерімен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Іс-шараға кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер бірлестіктері мен басқа да әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты. Кеңесте Департамент басшысының 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыстың қорытындылары бойынша есебі тыңдалды.
Кеңес барысында қатысушылар әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимылды жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.