Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 1010,9 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2024 жылдың тиісті кезеңіне 90,1%.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 65,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 105,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 176,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 106,8%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 73,7 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 120,4%.
102,3% өсу қарқынымен 70,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бөлшек сауда тауар айналымың көлемі 353,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 100,2%.
Әлеуметтік сала.
2025 жылдың 1 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады.
2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында орташа айлық номиналды жалақы 404 799 теңгені құрады, бұл 2024 жылғы ұқсас кезеңнен 7,5%-ға жоғары.
Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)