Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар айына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары    

Шығыс Қазақстан облысының 2025 жылғы қаңтар айына  әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары      

Өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 211,1 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 2024 жылдың тиісті кезеңіне 80,3%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 13,6  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 102%.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар 31,4  млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі –  136%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 7,8 млрд. теңгені құрады. Нақты көлем индексі – 169,7%.

112,8% өсу қарқынымен  4,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. 

Бөлшек сауда тауар айналымың көлемі 78,3 млрд. теңгені құрады.  Нақты көлем индексі – 101,1%. 

Әлеуметтік сала.

2024 жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі  4,6% құрады.

2024 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында орташа айлық номиналды жалақы 378 485 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы ұқсас кезеңнен 12%-ға жоғары.

 

Ескертпе: Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері Шығыс Қазақстан облысы бойынша  стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұлттық статистика Бюро Департаментінің деректер негізінде ұсынылған (www.stat.gov.kz)