23 маусымда Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған онлайн форматта

23 маусымда Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған онлайн форматта

23 маусымда Мемлекеттік қызметші күнін мерекелеуге арналған онлайн форматта (ZOOM онлайн бейне байланыс арқылы) салтанатты құттықтау өтті. Басқарма басшысы Сәуле Тұмашқызы Ұлақова ұжымды кәсіби мереке - Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет күнімен құттықтады. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы адамнан мол білім спектрін, үлкен жауапкершілік пен төзімділікті талап ететінін атап өтті. Қазақстан халқына қызмет етудің игі ісінде табыс, жақсылық пен бейбітшілік, даналық пен шыдамдылық тіледі!

Салтанатты жиын барысында көп жылғы еңбегі, кәсібіне берілгендігі және мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімі Д.Ахметов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары А. Сматлаевтың атынан басқарманың бірқатар мемлекеттік қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді.