«Дипломмен - ауылға!» жобасы бойынша ақпарат

«Дипломмен - ауылға!» жобасы бойынша ақпарат

2009 жылдан бастап республика бойынша "Дипломмен ауылға!» жобасы іске асырылуда, оның міндеті  ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дипломды мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығы) көтерме жәрдемақы және бюджет қаражаты есебінен тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну болып табылады.

Мамандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек:

- 100 АЕК (369200 теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы;

- аудан орталықтарында 2 500 АЕК (9 230 000 теңге) және ауылдық елді мекендерде 2 000 АЕК (7 384 000 теңге) мөлшерінде тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит.

Бюджеттік кредиттер аудандардың жергілікті атқарушы органдарына кредиттік шарттар жасасу арқылы беріледі, кейіннен ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға жылдық 0,01% мөлшерінде сыйақы мөлшерлемесі бойынша он бес жылға дейінгі мерзімге теңгемен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін беріледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес,  «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) функциялары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-дан «Отбасы банк»АҚ-ға берілді.

Анықтама: 2023 жылы «Дипломмен ауылға!» жобасы шеңберінде республикалық бюджеттен 579,2 млн. теңгеге 113 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредиттер берілді, жергілікті бюджет есебінен 112,1 млн. теңгеге 325 маманға көтерме жәрдемақы төленді.

2024 жылға 1321,7 млн. теңгеге 159 маманға бюджеттік кредиттер беру, 128,5 млн. теңгеге 348 маманға көтерме жәрдемақы төлеу жоспарланған.