Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы талқыланды

2022 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасында Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тұжырымдамасын талқылау бойынша семинар - кеңес өткізілді.

Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Талғат Мамырбекұлы Башев, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Фархад Қасымұлы Бельбеев және Департаменттің бас маманы Гүлнұр Айтқұрманқызы Бекбаева қатысты.

Талғат Мамырбекұлы өз сөзінде Мемлекет Басшысының тапсырмаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасын ескере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың барлық түрлері мен көріністері бойынша негізгі басымдықтарды белгіледі.

Г.А. Бекбаева экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістермен және 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қабылданған 5 жылдық тұжырымдамасымен таныстырды.

Т.М. Башев пен Г.А. Бекбаева басқарма қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық көріністері мен тәуекелдерге, сондай-ақ алдын алу шараларына байланысты туындаған сұрақтарына жауап берді.

Кеңес барысында қоғамда сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлері мен көріністерінде, оның ішінде тұрмыстық деңгейде төзбеушілікті қалыптастыру қажеттілігі атап өтілді.