«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды алуы және олардың жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді

«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды алуы және олардың жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді

2022 жылғы 11 наурызда «ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ (бұдан әрі - Басқарма) «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақыны, сыйлықтарды алуы және олардың жауапкершілігі» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар жұмысына басқарма басшысының орынбасары Джуманова Динара Тұрарбекқызы, бөлім басшылары, басқарманың бас мамандары қатысты. Баяндамашы әкімшілік бөлімінің бас маманы-заңгері Д. М. Карменова

Баяндамада мемлекеттік қызметшілер мен отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер алуға құқығы жоқ екендігіне ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметші білмей келіп түскен, сондай-ақ ол тиісті функцияларын орындауға байланысты алған сыйлықтар мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға өтеусіз берілуге тиіс. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің материалдық сыйақы, сыйлықтар мен көрсетілетін қызметтер алғаны үшін жауапкершілік туралы хабардар етеді.