Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарының басым міндеттерін айқындайтын Ерікті ұлттық шолуды жұртшылықпен талқылау бойынша семинар

Қазақстан Республикасының Тұрақты даму мақсаттарының басым міндеттерін айқындайтын Ерікті ұлттық шолуды жұртшылықпен талқылау бойынша семинар

Ағымдағы жылдың 17-18 наурызда Өскеменде Тұрақты даму мақсаттарын жергілікті деңгейде оқшаулау бойынша семинар өтті. Семинарды Қазақстан Республикасындағы Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында Экономикалық зерттеу институты Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасымен бірлесіп ұйымдастырды.

«Экономикалық зерттеу институты» АҚ Қазақстандағы Тұрақты даму мақсаттарын ұлттандыру және оқшаулау процесінің ағымдағы жай-күйімен таныстырды.

Сонымен қатар, семинар аясында БҰҰДБ-ның техникалық қолдауымен «Миссия – 2030» Практикалық тренингі өтті. Оқыту ТДМ-ның басым бағыттарын анықтауға бағытталды, бұл оларды оқшаулау үдерісінде тиімді құрал болып табылады.

Семинарға қатысушылар ретінде жергілікті атқарушы органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жеке сектордың өкілдері, қаладағы оқу орындарының оқытушылары мен студенттері және тәуелсіз сарапшылар қатысты.

Семинар аясында ШҚО бойынша ТДМ-ны оқшаулау мәселелері талқыланып, өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып ұсыныстар әзірленді.

Семинардың нәтижесінде ТДМ-ың локализациялау бойынша тәжірибелік сабақтардың нәтижелері жан-жақты талқыланды. Семинардың нәтижелері Қазақстанда ТДМ жүзеге асырудың келесі кезеңінде ескерілетін болады.